Деректерді жүктеу...
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗ ҰСТАУШЫНЫҢ ЖЕКЕ ШОТЫН БАСҚАРУ ВЕБ-ПОРТАЛЫ
Анықтама
Деректерді жүктеу...
Осы бөлім Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысына сәйкес, Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында бірыңғай оператор болып айқындалған және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 200-бабының 9-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды атаулы ұстаушы немесе оларға қатысты мемлекеттің мүліктік құқығы бар функциясын жүзеге асыратын «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) атаулы ұстау үшін берілген акцияларды ұстаушылардың жеке шоттарын басқару үшін арналған.
Қоғам клиенттерінің акцияларын есепке алуын жүргізу, атап айтқанда оларға тиесілі акциялармен мәмілелер өткізу мен олардың құқығын растау Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес, атап айтқанда Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркеу, номиналды ұстаушының бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді-көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты жария ету қағидалары» 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысымен жүзеге асырылады.
Қазақстанның Ұлттық куәландырушы орталығымен берілген заңды тұлғаның (жеке шот иесінің) электрондық цифрлық қол таңбасы бар болуы кезінде республикалық және коммуналдық (облыстық және аудандық) меншіктің мемлекеттік акциялар пакетімен иелік етуін жүзеге асыратын орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне Қоғаммен бағалы қағаздар мен олардың эмитенттері бойынша дерекқорға қолжетімділік беріледі (өтінімнің бланкісін көшіріп алу).
Generated in 70ms